Суретті түсірген автор
Жазғы маусымға дайындық әскери мамандар атап өткендей үш сатылы түрде жүзеге асырылмақ. Жеке құрамның дайындығы сақадай-сай болуы керек. Әскери машиналардың жанар-жағармайы, тіпті керекті құрал-жабдықтары дер кезінде табылатындай механикалық дайындық кезеңі де қамтылады. Жазда түрлі сынақ жұмыстары жүретіндіктен әскери техниканың ыстық ауа-райына төтеп бере алуы да дайындық үшін аса маңызды саланың бірі болып табылады. Әскери техникалардың дайындығын көрсету мақсатында БАҚ өкілдері шақырылып, қажетті ақпараттар берілді.
Раушан Нұғманбекова,
Семей.