Президент • 27 Сәуір, 2018

Қазақстанның үш мемлекеттегі жаңа елшілері тағайындалды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның үш мемлекеттегі жаңа елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды akorda.kz.

Қазақстанның үш мемлекеттегі жаңа елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дулат Хангерейұлы Бақышев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды

"Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Ал Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. 

Мемлекет басшысының Өкімімен Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылд