Қазақстан • 28 Сәуір, 2018

Солтүстікқазақстандықтар халықаралық байқауда үздіктер қатарынан көрінді

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Ямал-Ненец автономдық округінде өткізілген халықаралық байқау қорытындыланды. Оған 533 шығармашылық жұмыс түссе, 72-сін қазақстандықтар жолдапты. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын жариялап  үздік туындылардыларды анықтады.

Солтүстікқазақстандықтар халықаралық байқауда үздіктер қатарынан көрінді

«Біз жеңісті мақтан тұтамыз» халықаралық байқау үш аталым бойынша ұйымдастырылды. Қатысушыларға ұлы отан соғысы тақырыбына арналған өлеңдерін мен эсселерін жіберу, суреттер салу және бейнероликтер жасау талаптары қойылды. Үш аталым шеңберінде де Қызылжар өңірінен қатысқан үміткерлер үздіктер қатарынан көрінді», дейді Ямал-Ненец автономдық округы халықаралық және сыртқы экономикалық байланыс департаментінің бас маманы Надежда Коваленко.

Петропавл қаласындағы “ЮНЕСКО" клубы көркемөнер лицейінің мұғалімі Наталья Неделько осыдан бірнеше жыл бұрын теледидардан ескерткішке қолын қойып, соғыс жылдарын еске алып жатқан бір әйелдің фотосын көріп қалыпты. Байқауға соны бейнелеп жіберіпті.7 жастағы Искандер Жапен соғыстың ауыр  тауқыметін тартқан отбасылар туралы бейнеролик түсіріпті. Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің оқушысын  ұлы жеңіс тақырыбы ерекше шабыттандырыпты. Атасы Панфилов дивизиясының құрамында болып, фашистерден Мәскеуді қорғап қалыпты.


Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы