Қызылжар өңірінің жұртшылығы өзгенің өмірі үшін жанқиярлықпен күресіп, радиацияның зардабынан қайтыс болған жерлестерімізді еске алды. Азалы кезеңнің қаралы күнін көзге елестететін мемориал алдында бас қосып, бейбіт өмір батырларының рухына тағзым етті. Гүл шоқтарын қойды.
«Радиацияның әсерінен апаттың бірінші күнінде 42 адам ажал құшты. 300 шақырымдық радиустағы аумақ 400 жылға дейін тіршілікке жарамсыз болып қалды. Қаншама адамның денсаулығына зақым келді десеңші!.Төтенше жағдайдың орын алуына станция қызметкерлерінің немқұрайлылығы себеп болғаны енді айтылып жатыр», дейді «Чернобыль одағы» облыстық бірлестігінің төрағасы Юрий Лошкарев.
Аталмыш апаттың салдарын жою үшін өңірденден 2000-ға жуық жерлесіміз барса, бүгінде 340-қа жуығы ғана тірі. Солардың бірі Арғын Жұмабеков Чернобыльдегі жарылыстың зардабын еңсеруге екі рет қатысыпты. Бірінші рет біржарым айдай болыпты. Екінші рет ұзақ кідіріпті. 10 тағдырласынан қазір үшеуі ғана бар. Денсаулығы қатты сыр беріп жүр беріп жүрген көрінеді.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы