Анықталған мәмілетке сенсек, «шығасыға иесі басшы» болған. Қыз таныс жігітін үйіне шақырады. Бойжеткен қонағын күтудің қамымен жүргенде еркінсіген жігіт оның пальтосын тінтіп, 5 мың долларды қалтасына басып алады. Құнығып кеткен жігіт мұнымен тоқтамай қол сүмкесінен 25 мың теңге алып, тайып тұрады.
Бүгінде қылмыстық іс толық аяқталды.
«Айыпталушы өзінің кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленушіге келтірген шығынды толық өтегенін және кешірім алғанын жеткізді. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп саналды. Оған сынақ мерзімі тағайындалды»,- дейді Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы Аңсат Сұлтанбеков.
Кешірім алған жігіт атқарушы органдар белгіленген жерде 100 сағат мәжбүрлі жұмыс істеуге міндетті. Жұмысқа баруға бас тартса қылмыстық жазаға қайта тартылады.