Қазақстан • 05 Мамыр, 2018

Тарих үшін маңызды база

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінің ведомстволық порталында Жеңіс күні қарсаңында «Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» атты сервис ашылды. Оған Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түскен бұрынғы әскери тұтқындар және Германиядан қайта оралған бұрынғы КСРО азаматтары туралы ақпарат орналастырылған.  

Тарих үшін маңызды база

Сонымен қатар «Ұлы Отан соғысының әскери тұтқын­дары» базасына соғыс кезінде тұт­қынға түскен Кеңес Одағы сол­даттарының фильтрациялық іс­терінен және трофейлік карточкаларынан алынған мәліметтер қосылған. Сондай-ақ аталған базада Екінші дүниежүзілік соғыс­тың 60 мыңнан аса әскери тұт­қынына қатысты ақпарат бар, олардың басым бөлігі неміс тұтқынында қайтыс болған. 

«Ұлы Отан соғысының әске­ри тұтқындары» сервисіне әс­ке­ри тұтқындар туралы мына­дай деректер қосылған: олар­дың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ұлты, туған жері (рес­публика, облыс, қала, ауыл), соғысқа дейін тұрған жері, жұмыс орны және лауазымы, әскери атағы, қашан және қай­дан шақырылды, әскери бөлім­нің атауы және лауазымы, тұт­қынға алу уақыты мен жері, тұтқында болған жері, мұра­ғат­тық іс нөмірі.

Әскери тұтқындар туралы мәлімет алу тұтқында қайтыс бол­ғандардың туысқандары үшін маңызды ақпарат болып табылады. Сонымен қа­тар мұн­дай тарихи деректер Ұлы Отан соғысы тарихын то­лық­тыру үшін тарихшыларға, өлкетану­шы­ларға, журналистерге қажет. 

ІІМ порталындағы «Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» сервисі біздің республиканың ғана емес, сондай-ақ таяу және алыс шетелдің азаматтары үшін де пайдалы болмақ. 

Әскери тұтқындардың цифр­ланған деректер базасын құру, оны жариялау тарихи әділет­тілікті қалпына келтірудегі игі іс болып табылады.