Қазақстан • 05 Мамыр, 2018

«Арыстанның» сарбаздары ант қабылдады

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қорының аясында 2011 жылы құрылған «Арыстан» мамандандырылған лицейінде еліміздің барлық өңірлерінен келген 9-11-сыныпта оқитын 240 жасөспірім тегін білім алуда. 

«Арыстанның» сарбаздары ант қабылдады

Лицей бүгінде заманауи оқу-материалдық базасымен жаб­дықталған. Мұнда мұғалім­дерге арналған тұрғын үйлер, спорттық жаттығу кешен­дері, мультимедиа орталығы мен жиырма мыңнан астам кітаптан тұратын кітапхана қоры бар.

Президент Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы сәуір айында келген сапарында «Арыстан» лицейіне жоғары баға беріп, білім алушылар еліміздің Қорғаныс күш­терінің құрылымдарында абыроймен қызмет ететіндеріне зор сенім білдірген болатын.

«Арыстан» лицейіндегі сал­­та­натты күндердің бірі – Ли­цей күні. 2011 жылғы 24 сәуір «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қорының директоры Д.Н.Құлыбаева атал­ған оқу орнының бастығы, запас­тағы генерал-майор С.С.Тау­лановқа лицей Туын табыс­таған күн. Міне, осы сәттен бастап лицей оқушылары бұл күнді салта­натты жағдайда атап келеді.

Биыл «Арыстан» лицейінің құрылғанына жеті жыл толып отыр. Осы уақыт аралығын­да лицей бес мәрте түлектерін үлкен өмірге қанат қақтырды. Ал жылдағы дәстүр бойынша 9-сынып оқушыларының ант қабыл­дау салтанатына «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қо­ғамдық қорының бас­шылығы, Қазақ­стан Қару­лы Күштерінің Бас штабы бас­тығының орынбасары М.К.Таласов, Талғар ауданының әкімі Р.А.Сәтбаев, т.б. қатысты. 

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ