Министр есепті кездесуінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ есепті кездесу барысында халықтан түскен сұрақтарға жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференц байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады. Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі www.bnews.kz интернет-порталы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі-4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының кино-концерт залы. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне қатысты сауалдар мен ұсыныстарды тұрғындар k.kense@diakom.gov.kz электрондық поштасына немесе 8 (7172) 74-18-48, +7 (7172) 74-18-68 телефондарына хабарласу арқылы жолдай алады.