07 Желтоқсан, 2011

«Өз елім» деп ән салды өзге ұлт өкілдері

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасын ізденімпаз да іскер жан  Жақсылық Омардың басқарғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Алайда, «жас келсе, іске» дегендей, Жақсылық келгелі өнер саласында өркенді өзгерістер бола бастады. Қазір барлық аудандарда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ән-жыр байқаулары өтіп жатыр. «Өз елім» деп аталған фести­валь­дің ерекшелігі сол, онда өзге ұлт өкілдері тек мемлекеттік тілде өнер­лерін ортаға салды. Павлодарлық Е.Кривобоков, Ал­ма­ты облысынан келген К.Ишагов, Шымкенттен келген К.Архипова, қа­рағандылық Қ.Талашев, та­ғы бас­қа­лар домбырамен күй төгіп, тамыл­жыта ән салды. Ұлттық биді нақы­шы­на келтіріп мың бұралған қыз­дардың өнері де сүйсініс туғызды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мұндай фестивальдің алдағы уақытта да жалғаса беретінін  ай­тып, фестивальге қатысушыларды марапаттады. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.