Президент • 06 Мамыр, 2018

Мемлекет басшысы «Astana Group» компаниялар тобының президентін қабылдады

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Astana Group» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Astana Group» компаниялар тобының президентін қабылдады

Кездесу барысында Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа автомобиль жасау саласының дамуы мен автомобильдерді экспортқа шығару жөнінде баяндады.

«Сатылған автомобильдердің көлемі артып келе жатқаны байқалады. Автомобиль жасау мекемелерінде «Маз» көлігін құрастыра бастадық. Алматыдағы зауыт «Hyundai» машинасын бояуға және дәнекерлеуге толықтай көшті. Ресей Федерациясына 450 автомобильді экспорттадық, Тәжікстанға 300 «Hyundai County» автобусын жасап, жөнелту жөнінде келісімге келдік. Мұндай операцияларды Өзбекстанмен де жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Осылайша, Қазақстан өндіріс алаңы ретінде Орталық Азияда маңызды рөл атқара бастады», - деп қорытындылады компания басшысы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Смағұловты мемлекеттік, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18