Қазақстан • 07 Мамыр, 2018

Астанада қоғамдық көлікте музыкалық флешмоб өтті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Отан қорғаушы күніне арналып қоғамдық көлікте музыкалық флешмоб өтті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Астанада қоғамдық көлікте музыкалық флешмоб өтті

Флешмоб кезінде Қазақстанның Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әртістері жолаушылармен бірге патриоттық және әскери әндерді шырқады. 

«Мен 51 автобуста ерекше акцияның куәгері болдым. Жоба Қорғаныс министрлігінің Отан қорғаушы күніне және Жеңіс күніне арналғанекен. Әскери ансамбльдің әртістері ән айтып, халықтың көңілін бір көтеріп тастады. Осындай күтпеген акция үшін үлкен рахмет», деді қуанышымен бөліскен Астана тұрғыны.

Осындай шаралар «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында да өтті.  Осылайша Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери ансамблінің әртістері Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18