Ресейдің «Зенит» клубын 2017-2018 жылғы маусымда жаттықтырған италиялық маман Роберто Манчини 14 мамырдан бастап Италия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Италия футбол федерациясы (FIGC) хабарлады.
Екі жақты келісімшарт бойынша әзірше толық мәлімет жарияланбаған. Дегенмен жергілікті Sky Sport Italia басылымының жазуынша, италиялық маман құрамамен екі жылдық келісімшартқа отырған. Ал Италия футбол федерациясы Роберто Манчиниге құраманы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына шығару мақсатын қойған.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»