«Формула-1» автожарысына қатысушы «Мерседес» клубының пилоты Льюис Хэмилтон Испания Гран-при бәсекесінде топ жарды.
Испания тас жолында өткен жарыста мәре сызығын екінші болып Хэмилтонның командаласы Валттери Боттас кессе, үздік үштікті «Ред Булл» өкілі Макс Ферстаппен түйіндеді.
«Формула-1» автожарысының бесінші кезеңінен кейін 95 ұпай жинаған Хэмилтон жалпы есепте көш бастады. Екінші орында «Феррари» пилоты Себастьян Феттель (78), үшінші сатыда Боттас (58) келеді.
Автожарыстың келесі кезеңі 25-27 мамыр күндері Монакода өтеді.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»