Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесу өткізді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесу өткізді

Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында энергетика, өнеркәсіп, металлургия, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында ҚХР-мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, цифрлы және көліктік-логистикалық инфрақұрылым, Индустрия 4.0 технология­лары мен құзыреті салаларында бірлескен жобаларды іске асыру, деректер орталықтарын дамыту мәселелері талқыланды.