Әлем • 16 Мамыр, 2018

Қ.Мәми Ресей Конституциясының 25 жылдығына арналған Халықаралық конференцияға қатысты

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Мәми Ресей Федерациясы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Конституция және конституциялық бақылаудың міндеттері» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Қ.Мәми Ресей Конституциясының 25 жылдығына арналған Халықаралық конференцияға қатысты

Ол VIII Петербург халық­аралық заң форумы жұмысының басталуы қарсаңында болды.

Петербург форумын Ресейдің Әділет министрлігі 2011 жылы құр­ған болатын және ол Ресей Фе­­дера­циясы президентінің қол­дауымен өткізіліп келеді.

Оның жұмысына консти­ту­циялық бақылау органдарының басшылары, экономика, құ­қық және халықаралық қаты­настар сала­сындағы жетекші әлем­дік сарап­шылар, ірі транс­ұлттық компа­ниялардың заң бөлімшелерінің қызметкерлері, банк­тердің басшылары және халықаралық заң қауымдас­ты­ғының өкілдері қатысты.

Панельдік сессияларда және соның шеңберінде өтіп жатқан конференциялар мен дөңгелек үстелдерде жаһандық әлеуметтік-экономикалық және өзге де сын-қатерлер контек­сін­дегі өзекті заң мәселелері талқы­ланады.

Форумның бағдарламасына Ресей Федерациясы Й соты­ның төрағасы В.Д.Зорь­­киннің қазіргі заманғы жағ­дай­да құ­қықтың үстем­ді­гін қам­тамасыз етудің өзекті мә­­се­лелері туралы лек­циясы енгізілді.

Пікірталастар сондай-ақ Еура­зия­лық экономикалық одақтың құ­қықтық негіздеріне, білікті заң көмегін көрсету мәселелеріне, терроризмге, киберқылмыстылыққа қарсы күреске, корпоративтік құқықты, төрелікті, банкроттық және көптеген басқа да құқықтық институттарды дамытуға арналды.

«Егемен-ақпарат»