Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

Құпия ақпаратты сақтау маңызды

1196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Құпия ақпаратты сақтау маңызды

Хаттама 2012 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде жасалған болатын. Құжаттың негізгі мақ­саты Ұжымдық қауіпсіздік тура­лы шарт ұйымына мүше мемле­кет­тердің құпия ақпараттың қорға­луын қамтамасыз ету тәртібін айқындау болып табылады.

Хаттамамен енгізілген өзге­ріс­тер Келісімге қосылу мүмкін­дігін ұсынуды және барлық ха­лық­аралық құқық субъектілері­нің оның тетіктеріне қатысуын, Келі­сімді іске асыру тетігінің негіз­гі буыны болып табылатын уәкілетті органдардың құрамын нақты­лауды, құпия ақпараттың таралуына жол берген тұлғаға қатысты заң құзыретін нақтылауды, сон­дай-ақ нақтылайтын және ре­дак­циялық сипаттағы түзетулерді көз­дейді. Осылайша Хаттамада көз­дел­ген барлық ережелер құпия ақ­параттың қорғалуын қамта­масыз етуді айқындауға бағыт­талған. 

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.