Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

Биыл аймақтардағы аналогтық хабар тарату кезең-кезеңімен тоқтатылады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл аймақтардағы аналогтық хабар тарату кезең-кезеңімен тоқтатылады

Биыл аймақтардағы аналогтық хабар тарату кезең-кезеңімен тоқтатылады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2017 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы халыққа есеп беру кездесуінде министр Дәурен Абаев мәлім етті. 

- 2018 жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары цифрлық телерадио хабар таратуға көшеді. Еліміздің өзге аймақтары цифрлық хабар таратуға  2020 жылдың соңына дейін ауысады,- деді Дәурен Абаев.

Министрдің сөзінше, ауылды жерлерде 15-ке жуық сапалы телеарна, ал облыстық орталықтарда 30-дай жоғары сапалы арна тегін көрсетіледі. 
 

Ая Өміртай

«Егемен Қазақстан»​​​​​​​