Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

«Ашық Үкімет» жобасына ерекше назар аударамыз – Дәурен Абаев

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ашық Үкімет» жобасына да біз ерекше назар аударамыз. Бұл «Ақпаратқа қолжетімділік» заңының аясында жүзеге асып отыр, деді Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің есеп беру кездесуінде министр Дәурен Абаев.

«Ашық Үкімет» жобасына ерекше назар аударамыз – Дәурен Абаев

- «Ашық деректер» порталы арқылы ел азаматтары екі мың сегіз жүзге жуық дерекке қол жеткізуге мүмкіндік алады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түседі, - деді министр.

Сонымен қатар, осы порталдарда 25 мың нормативтік-құқықтық акт пен тура сондай көлемдегі бюджеттік бағдарламалардың жобалары орналасады.

- Кез келген азамат мемлекеттік органдары бірінші жетекшілерінің блог-платформалары арқылы өзін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік пайда болады. Сондай-ақ, «Ашық диалог» порталы арқылы интернет-конференцияларға да қатыса алады. Бұлралдардың барлығы ел тұрғындары мен мемлекет арасындағы көпірді нығайту мақсатында қолға алынып отыр, - деді министр.

Ая Өміртай

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • Бүгін, 15:35