Аймақтар • 16 Мамыр, 2018

Маңғыстауда 4 айы ішінде 38,8 млрд.теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді

296 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен аппараттық жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы экономиканың нысаналы өсу индикаторларының атқарылуы, 2018 жылғы 4 айдағы жергілікті бюджеттің игерілуі,2017 – 2018 жылғы жылыту маусымының өту қорытындысы және алдағы жылыту маусымына дайындық туралы мәселелер қаралды.

Маңғыстауда 4 айы ішінде 38,8 млрд.теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылғы қаңтар-сәуір айындағы экономиканың нысаналы өсу индикаторларының атқарылуы туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Халила Нұрғалиева баяндады.

Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,2% құрады (2017 жылғы қаңтар-сәуірде 99,1%). Өнеркәсіп өнімінің көлем индексі – 101,5%, өндірілген өнім – 910,0 млрд. теңге. 2018 жылдың 4 айы ішінде 38,8 млрд.теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген, бұл көрсеткіш 2017 жылғы қаңтар-сәуірде - 29,2 млрд. теңге болған еді.

Кәсіпкерлікті қолдау Картасының шеңберінде ағымдағы жылы жалпы сомасы 11,5 млрд. теңге болатын 4 жоба жоспарланған, бұл жобалар бойынша жалпы саны 223 жаңа жұмыс орны құрылады деп межеленеді. Жаңа жобалар қатарында Полимерлік қаптамасын өндіру зауыты, Жиһаз және пластикалық терезелерді дайындауға арналған өндірістік цех, Кабельдер мен трансформаторлар өндіретін зауыт, Күн және жел электр станциясы бар. Жобаның бірі - Мұнайлы ауданының Батыр ауылында құны 1,2 млрд. теңге болатын қуаттылығы 2 МВт күн және жел электр станциясы құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Жаңа нысан 10 адамды жұмыспен қамтыды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы