Соның бірі Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» №1арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Қайрат Тілеужанұлы Саймаганбетов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
2017 жылдың 8 тамызында сағат 17:58-де Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің күштер мен құралдары басқару орталығына Ақтау қаласында өрт орын алғандығы жөнінде хабар түскен.
Өрт орын алған жерге бөлім хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде, яғни сағат 18:03-те келген болатын. Хабарлама орнына жеткен соң, бір бөлмелі тұрғын пәтердің жанғандығы анықталды.
Өрт сөндіру барысында бөлмеде кез келген уақытта жарылуы мүмкін газ баллоны бар екендігі анықталды. Азаматтық қорғау прапорщигі Қ. Саймаганбетов Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің кезекші қарауылының газ түтіннен қорғау қызметі звеносы құрамында ас бөлмесіне кіріп, газ баллонын алып шықты.
-Ол өртке оранған жердегі ықтимал жарылыстың алдын алып, адам қазасының болуына жол бермеді. Өрт сөндіру жетекшісі тарапынан қойылған міндеттерге жан-жақты ойланып және шымдамдылық танытып, бөлімше командирі Қайрат Саймаганбетов 4 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқаруды ұйымдастыруда белсене араласты. Нәтижесінде 25 адам, оның ішінде 15 балалар қауіпсіз жерге көшірілді.
Осы уақыт аралығында аталған жауынгерлік учаскеде өзіне жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етті. Ақталған кәсіби тәуекелділіктің, өрт сөндіру техникасын мұқият пайдаланудың арқасында, өртті қысқа уақытта зардап шегуші мен қазасыз оқшаулауға және жоюға мүмкіндік туды, деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Қуанар Базарбаев аппараттық жиында Қ.Саймағанбетовты құттықтап тұрып.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы