Суреттерді түсірген Ерлан Омар, "Егемен Қазақстан"
Форум барысында бүгінгі таңда әлемді алаңдатып отырған 11 тақырып төңірегінде сөз қозғалады. Оның ішінде біртұтас экономика, жаңа таза энергия әлемі, жаһандық қауіпсіздік, болашаққа болжам, жаһандық стратегия, жаңа адамзат әлемі, цифрлы әлем, ресурстар әлемі, болашақтың ақшасы, болашақтың қаласы сынды тақырыптар бойынша спикерлер пікірлерін ортаға салады.
Форумға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысады. Олардың ішінде Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, Apple Computer компаниясының тең негізін салушы Стив Возняк, БҰҰ-ның бұрынғы бас директоры Пан Ги Мун, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бас экономисі Ганс Тиммер бар.
Форумның алғашқы екі күні күн тәртібіндегі жаһандық мәселелерге арналады, үшінші күні спикерлер ҚР Үкіметінің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен алты бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.
Айта кетейік, Астана экономикалық форумы ең алғаш 2008 жылы өткізілген. Алғашқы форумда дүниежүзілік экономика мен қаржы жүйесін оңалту және дамыту мәселелері талқыланған. Содан бері форум ықпалды халықаралық алаңдардың біріне айналды.
Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,
"Егемен Қазақстан"