С.Аманбековтың айтуынша, алдағы жылыту маусымының орнықты өтуі үшін жергілікті бюджеттен 1,089 млрд теңге қарастырылды.
Нақтырақ айтсақ, «МРЭК» АҚ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында 6,3 млрд.теңге қаралса, Каспий энергетикалық ХАБы» сыртқы инфрақұрылым құрылысы щеңберінде кернеуі 110 кВ электр тарату желісін және 110/10 кВ ҚС 2 қосалқы станциясын салу – 5,1 млрд теңге, Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы аудандарындағы елдімекендерді газдандыру бойынша 9 жобаны іске асыру ға 1,2 млрд.теңге қаралған.
– Жоспарға сай атқарылатын жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі және үнемі қатаң бақылауда болады, – деді басқарма басшысы.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы