Тілсіз жау салғырттықты кешірмейді

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде адамдар жаппай жиналатын объектілердегі өрт қауіпсіздігі саласын мемлекеттік бақылау бо­йынша тексерулер қорытындыларына, 2018 жылғы жазғы маусымға әзірлік мәселелеріне арналған брифинг өтті. Оған Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин қатысты. 

Егемен Қазақстан
18.05.2018 6030
2

Жиында белгілі болғандай, азаматтық қорғау органдары 2018 жылғы 2 сәуірден бастап адамдар жаппай жиналатын сауда объектілерінің өртке қарсы жүйесіне тексеруді жүзеге асырған. Тексерілген объектілерде 15 мыңнан астам бұзушылық анықталған. Барлық кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нәтижесінде 18 млн теңгеден астам айыппұл өндіріл­ген. Объектілер басшыларына бұзушы­лық­тарды жою туралы ұйғарымдар берілген. 

Жалпы, бұзушылықтар эвакуациялау жолдарына, соның ішінде қосалқы есіктердің жабық болуына, есіктердің эвакуация жолы бойынша ашылмауына, эвакуация жолдарында және баспалдақтар астында сауда нүктелерінің орналасуына және т.б. мәселелерге қатысты болған. Сондай-ақ тексерулер барысында электр жабдықтарын дұрыс монтаждамау, электр сымдарының оқшаулау кедергісіне ревизия жүргізілмеуі, автоматтандырылған өрт дабылының және құлақтандыру жүйесінің жарамсыз күйде болуы, қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі бойынша нұқсаулықтан немесе өрт-техникалық минимумнан өт­кіз­бес­тен жұмыс істеуге рұқсат беру, өрт­ке қарсы сумен қамтамасыз ету ісіне тек­серу жүргізілмеуі, алғашқы өрт сөн­діру құ­ралдары не жарамсыз, не жет­кі­лік­сіз болуы және басқа да фактілер тіркелген.

Тексерулер кезінде персоналмен, күзет құрылымымен және объектіге келу­шілермен міндетті түрде өрт қауіп­сіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқау­­лықтар және өрт жағдайындағы іс-қимыл­дар бойынша машықтанулар өткізілген. Бүгінде 41 мыңнан астам адам оқытылған. Бұдан өзге, ірі сауда объектілерінде өрт сөндіру қызметтері 494 өрт-тактикалық оқу-жаттығуын іске асырған.

Адамдар жаппай жиналатын объек­ті­лердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында ІІМ тиісті Жол картасын әзірлеген және ол келісу рәсімінен өтуде. Жол картасын­да мемлекеттік бақылауды қатаңдату, қоғам­дық бақылауды күшейту, құрылыс норма­лары мен қағидалар жиынтықтарын, тір­ші­лік әрекеті негіздерін оқыту жүйесін қай­та қарау мәселелерін қарастыру көз­делген. 

Тағы бір айта кетер жайт, өңірлердің халқы мен аумағына үлкен қауіп төндіру­шы табиғи (орман және дала) өрттер бо­лып табылады. Келтірілген деректер бо­йын­ша, жыл сайын елімізде орта есеппен 4 мың табиғи өрт пен жану болады, жалын құшқан жалпы ауданы 300 мыңға дейін жетеді, өрттен келген нұқсан 120 млн теңгеден асады. Ал орман өртінің шама­мен 80%-ы адамның кінәсінен орын алады екен. 

Табиғи өрттердің алдын алу және ден қою бойынша шаралар қабылдау мақ­сатында ІІМ мүдделі орталық мем­лекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе 2018 жылғы жазғы кезеңге арналған орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Бұдан бөлек, елдегі өрт қаупі жағдайына шұғыл ден қою тәртібін анық­тау мақсатында аймақ­аралық сипаттағы орман-дала өрт­терін жоятын үкіметтік жоспар түзілді. Орман-дала алаптарын күнделікті патрульдеу үшін өрт қаупі кезеңінің басынан бастап мемлекеттік тексеру, жергілікті полицей қызметі және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері тарапынан мобильді топтар құрылған.

ТЖК аумақтық бөлімшелері орман-дала алаптарында өрттердің профилактикасы аясында 4,5 мыңнан аса адамды қамти отырып, 243 нұсқама, 75 жиын және 42 дөңгелек үстел, сондай-ақ 25 бірлескен оқу-жаттығу ұйымдастырған.

Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

15.10.2018

Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

15.10.2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

15.10.2018

Ұшқындағы үшем

15.10.2018

Армения әскері Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

15.10.2018

Жан тебіренісінен туған картиналар

15.10.2018

Ел анасы жайлы еңбек

15.10.2018

Боксшы Сабыржан Бекбергенов Минскіде топ жарды

15.10.2018

«Жебе тартқан сөз бен жыр қосынынан...»

15.10.2018

Мегаполис медицинасын алға жетелейтін орталық

15.10.2018

Өмір сыйлар Azurion

15.10.2018

Жамбылда жүрек ауруына шалдыққандар көп

15.10.2018

Заңсыз мұнай тасымалының зардабы көп

15.10.2018

Иракта ауыз судан уланғандар саны 110 мыңнан асты

15.10.2018

Жаңа жүйе тың мүмкіндіктерге жол ашады

15.10.2018

Шұғыл көмек берудің тиімді үлгісі

15.10.2018

Санаға серпіліс қажет

15.10.2018

Астана агломерациясының дамуы кешеуілдеп тұр

15.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде курсанттардың әскери тағылымдамасы басталды

15.10.2018

Оңтайландырамыз деп ормандарды құртып алмайық

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Týrızmdi damytý qonaqjaılyqtan bastalady

Tetigin tapqan elder týrızm salasyn sarqylmaıtyn tabys kózine aınaldyryp alǵan. Qyzyǵa qarap otyrsaq, bul saladan qyrýar qarajat túsetinin aıtpaǵanda, kóptegen jumys orny ashylyp,  eldiń tórtkúl álemge jaqsy aty shyǵyp jatady eken.  Al kez kelgen qonaqtyń kóńilin tabýǵa eń birinshi ashyq-jarqyn qabaǵyń, odan keıin dámdi tamaǵyń kerek ekeni álmısaqtan belgili aksıoma emes pe.  

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу