08 Желтоқсан, 2011

«Сайлау 2012: рейтингтер мен болжамдар» атты дөңгелек үстелге қатысушылардың сарапшы қоғамдастыққа ҮНДЕУІ

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өте­ді. Бұл сайлауды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай оты­рып, ашық та әділ бәсекелестікпен өт­кізу – бұл еліміздегі демокра­тия­ны одан әрі нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

Осыған байланысты біз сайлау науқанына қандай да бір дәрежеде қатысатын сарапшы қоғамдастыққа үндеу жолдаймыз.

1. Сайлау заңнамасының талап­тарын мүлтіксіз сақтау.

«Сайлау туралы» ҚР Заңының 27-бабы 9-тармағы бұқаралық ақ­парат құралдарында сайлауға бай­ла­нысты қоғамдық пікір сауал­да­маларының нәтижелерін жариялау кезінде сақталуы тиіс нормалар көзделгені белгілі. Атап айтқанда, сауалдама жүргізген ұйым, тап­сы­рыс берген және ақысын төлеген адамдар, ақпарат жинау әдісі, сұ­рақ­тың нақты тұжырымдамасы, сұ­рақ берілгендер саны мен сауалдама нәтижелерінің қателік коэф­фи­циенті міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

Бұқаралық ақпарат құрал­да­рын­да қоғамдық пікір сауалда­ма­сының нәтижелерін, сайлау нәти­желерінің болжамдарын, сайлауға қатысты өзге де зерттеулердің нә­тижелері туралы ақпаратты сайлауға дейінгі бес күннің ішінде жариялауға жол берілмейді.

Сайлау күні дауыс беруге ар­налған үй-жайда немесе сайлау пунктінде қоғамдық пікірді сұрауға тыйым салынады.

2. Сайлау процесін әлеумет­та­ну­лық сүйемелдеу ғылымилық, кә­сіби шеберлік және ашықтық прин­циптері негізінде жүзеге асы­рылуы керек. Тек сол кезде ғана өз жұ­мысымыздың нәтиже­ле­ріне деген се­нім деңгейін қамта­масыз ете аламыз.

3. Ынтымақтастық, сайлау процесінің барлық субъекті­ле­рі­не деген өзара сыйластық пен сенім ахуалын құруға ықпал ету керек. Сайлауға жұмылдырылған сарапшылар, әлеуметтанушылар, сая­си технологтар бірінші кезекте сайлаушының құқығын сыйлауға тиіс, ол ашықтық, объективтілік және ақпаратқа қолжетімділік жағ­дайында іске асырылуға тиіс.

Сарапшы қоғамдастықтың жо­ға­рыда аталған нормалар мен прин­циптерді сақтауы әділ де ашық сайлау өткізуге, сондай-ақ олар­дың нәтижелерінің заң­ды­лығын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Астана қаласы, 2011 жылғы 7 желтоқсан.