Қазақстан • 20 Мамыр, 2018

АЭФ қонақтары студенттерге дәріс оқыды

303 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

17-18 мамыр күндері Астана экономикалық форумы аясында дәрістер фестивалі өтті. Фестиваль аясында Назарбаев Уни­верси­тет пен Еуразия ұлттық университетінің студенттері халықаралық саясаткерлердің, экономистер мен ғалымдардың, бизнесмендер мен ғаламдық жобалар стартапшыларының, кибернетика, роботты техника инженерлерінің дәрістерін тыңдауға мүмкіндік алды.

 

 

 

G

M

T

 

 

Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Звуковая функция ограничена 200 символами

 

 

Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

АЭФ қонақтары студенттерге дәріс оқыды

Аталған фестиваль әлемдік қоғам­дас­тықтың алдыңғы қатар­лы сарапшылары мен студенттер аудия­ториясы арасындағы алаң­ға ай­нал­­ды. Айта кету керек, фес­ти­валь ая­сын­д­ағы кездесулер дәріс, story telling, motivation speech, бұ­қара­лық сұхбат формат­тарын­да өткізілді. Іс-шара аясында өт­кен дәрістер AEF 2018 Global Challenges Summit Цифрлы уни­вер­си­тетіне айналып, форум аяқ­­тал­ған соң сайтта үш тілде ор­на­л­ас­­ты­рыл­ады деп күтілуде. Ал форум ұйым­дас­тырушылары биыл алғаш рет өт­кізілген фестиваль бола­­шақ­та дәстүрге айналады деген ойда.

Дәрістер фестивалі аясында лек­­торлар студенттерге қазір­­гі заманғы технологиялық жаңа­лықтар, адамзат алдын­да тұрған өзгерістер туралы айтты. Сонымен қатар жаһан­дық мә­се­лелермен қатар Қазақ­стан­­дағы жағдайға да тоқталды. Мысалы, Shazam қосымшасының негізін қалаған Крис Бартон бүгінгі таңда ІТ саласының жылдам дамып жатқанын атап өтіп, «Қазақстанда бұл саланы одан бетер дамыту үшін инвестицияларды көбей­тіп, жастарға барлық жағдай­ды жасау керек. Сонымен қатар стартапшылардың идеяларына құлақ асып, оларды жан-жақты қолдап отырған жөн», деді.

Назарбаев Университетте өткен фестивальде Лондон король­дік колледжінің ғылы­ми қыз­меткері, дағдарыс жағда­йын­дағы медианың рөлін зерт­теуші маман Гри­горий Асмолов «Әлеу­меттік-гуманитарлық да­му­­дағы интернеттің рөлі» ат­ты тақы­рып­та дәріс оқып, интер­неттің мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білудің маңыз­дылығы туралы баяндады. Ал «Алтын арыстан» (1984) Вене­ция кино­фес­тивалінің бас жүлдегері, режиссер Кшиштоф Зануссидің дәрісі студенттер тарапынан ерекше қызығушылық тудырып, сұрақ-жауап форматында өрбіді. Режиссер аудиторияға әр халық жаһандану заманында мәдени ерекшеліктерін сақтап қалу керектігін әрі кинорежиссура саласында сол идеяны жү­зеге асырудың әлдеқайда өтім­ді болатынын айтты. «Қазіргі таң­­да кез келген мемлекеттің хал­қы Голливуд киноларын және өз­дерінің жергілікті туындыларын көреді. Көп жас режиссердің фильмі сапалы болғанымен, ол Голливуд желісін қайталаған немесе сол тектес жанрда болады. Мысалы, қазақтың жас режиссері өз елі туралы, жері туралы өте шы­найы әрі сапалы картина ұсын­са, ол әлдеқайда табысты бо­лар еді. Жаһандану заманында мә­дени ерекшеліктерді сақтап қалу ғана емес, оны таныта білу де ма­ңы­зды», деді Кшиштоф Занусси.

Халықаралық «Engineering News Record» өндірістік журна­лы­ның рейтингінде бірінші орын­да тұрған, 100 мыңнан ар­тық қызметкері бар әрі 150-ден ас­там мемлекетте жобаларын жүзеге асырып жүрген AECOM ком­паниясының қалалар дизайны және стартегиялық жоспарлау директоры Карло Кастеллидің де дәрісін ерекше атап өтуге болады. Ол «Қалалар – ұжымдық күш» деген тақырыпта дәріс оқып, кез келген қаланың дамуы тек белгілі бір мамандардың емес, тұр­ғын­дардың қолында екенін айтты. Сонымен қатар Астана қаласы­ның архитектурасына жоғары баға беріп, халықтың қонақ­жайлығына тәнті болғанын атап өтті. «Астананың өте аз уақыт­тың ішінде қазіргі кей­піне енгені – үлкен еңбектің нәтижесі. Бұл қала тағы осынша уақытта тіптен өзге­ріп, қарыштап дами­ды деп ойлаймын», деді К.Кастелли.

Студенттерге қызығу­шы­лық тудырған тағы бір дәріс жасарту биотехнологиясы туралы болды. SENS қорының ғылым бо­йын­ша төрағасы әрі директо­ры Обри Ди Грей болашақта адам­­ның қартаю процесін тоқта­туға мүмкіндік беретін биотех­но­ло­гия­лар­дың пайда болуы туралы айта келе, «Дәл қазір осы аудитория­да отыр­­ған адамдар осыған куә бо­луы­­­мыз да мүмкін. Немесе сол тех­­но­­­­ло­­гияны жасаушылар сіздер­дің ара­­ларыңыздан да шығуы ық­ти­мал», деп, жастарға шабыт бере сөйледі.

Medme-дің басқарушы серік­тесі Илья Слуцкий «Төртінші ин­дус­триялық революция қар­саңында нені үйрену керек?» деген тақырыпта дәріс оқып, қа­зір­гі таңда белгілі бір саланы мең­гер­геннен кейін де жан-жақты бол­у­дың маңыздылығы артатыны тур­алы айтты. «Бір сала бірнеше сала­ның қызметін біріктіретін бо­лады. Яғни адам­ның іздену қажет­ті­лігі артады. Бұл тұлғалық даму үшін де өте керек. Сондықтан қа­зір­­­­ден бас­­тап жан-жақты болса­ңыз­­д­ар, бо­­лашақта бәсекеге қабі­летті ма­­­ман болатындарыңыз сөзсіз», деді ол.

Назарбаев Университет сту­дент­терінің айтуынша, дәрістер жас­тарға шабыт сый­лаған. «Ха­лық­аралық сарап­шылардың, әлем­ге танымал мамандардың қара­па­йым студенттерге дәріс оқу мүм­­кіндігі күнде бола бермейді. Бұл дә­рістер бізді жігерлендірді, ша­быт­­тандырды. Лекторлар ар­ман­­ға қол жеткізу үшін тынбай ең­бек етсе, адамның қолынан бәрі ке­ле­­ті­нін көрсетті. Дәріске қа­тыс­­қан қатар­ластарымның көп­ші­лігі шабыт алып шыққанын, ере­к­­ше жігер­лен­генін айтып жатыр. Мен де ерек­ше әсер алдым», дей­ді сту­дент­тер­дің бірі Назерке Қабалина.

Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»