Әлем • 21 Мамыр, 2018

ТМД елдерінің премьер-министрлері Душанбеде бас қосады

654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТМД мемлекеттерінің үкімет басшылары 1 маусымда Тәжікстан астанасы Душанбеде бас қоспақ, деп хабарлайды Қазақпарат.

ТМД елдерінің премьер-министрлері Душанбеде бас қосады

«1 маусымда Душанбеде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді», - делінген ТМД Атқару комитетінің аңдатпасында.

Еске салайық, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің бұған дейінгі отырысы Ташкентте 2017 жылы 3 қараша күні өтті. Онда Достастық елдерінің өзара интеграциялық қарым-қатынасының кең ауқымды сұрақтары талқыланған еді.Отырысқа қатысушылар халықаралық картельдерге тиімді қарсы тұру үшін әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін шоғырландыру жөніндегі ТМД-ға мүше елдер үкімет басшыларының мәлімдемесін қабылдады. 

Үкімет басшылары кеңесінің отырысы жылына екі рет өткізіледі, кезектен тыс отырыс мүше мемлекеттердің ішіндегі кез келген үкіметтің бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Кесар тілігінің зардабы қандай?

Медицина • Бүгін, 18:34