Аймақтар • 22 Мамыр, 2018

Бурабайда жазғы кезең басталды

994 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл ауа райы құбылып, жауын-шашынға ұласып жатса да жазғы демалысқа құлшынып отырғандар қаншама. Осыған орай Бурабай курортты аймағы демалысқа келушілерді күтіп алуға кірісіп те кетті.  «Бурабай» ұлттық паркі басқармасы мен туристік бизнес өкілдерінің басын қосқан өңір басшысының қатысуымен өткен жиында жазғы туризм мәселесі кеңінен сөз болды.

Бурабайда жазғы кезең басталды

Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауыловтың аталған жиында келтірген мәліметіне қарағанда, жыл сайын туризм инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Ағымдағы жыл­дың басында 70 орындық «Ар­хей» шипажай кешені пай­далануға берілген. Бұдан басқа, курортты аймақта 100 орындық мейманхана ке­шені, ойын-сауық және сау­да орталығы, қонақ үйлер, тұрмыстық-мәдени және кө­ңіл көтеру қызметтерін көр­сету нысандары салынуда. Сон­дай-ақ 14 гектар жер­ді қамтитын променад ай­мағы мен қонақ үйлері, спорт­тық-сауықтыру, сауда-кө­ңіл көтеру, әлеуметтік-мә­дени нысандарды қам­тыған көпфункционалды ке­шен құрылысы бас­та­лады деп күтілуде. Өз ке­зе­гінде «Бурабай даму» ЖШС біртұтас байланыс ор­талығының басшысы Азамат Баймұқанов қонақ үйлер кешендерінің, мейманханалардың, туристік агенттіктер мен экскурсиялық бюролардың өзара жұмыс істеуі барысын ортаға салды.

Белгілі болғандай, «Әлем» отельдер желісі өз клиент­теріне құрамында тегін экс­кур­сиясы мен жаяу жүру, «Жай­лау» этноауылын та­ма­шалау, «Burabay Land» көңіл көтеру паркіне апару, сондай-ақ көңіл көтеруге 50 пайыздық жеңілдік беретін дисконттық карталарды: квадроциклмен және атпен серуендеу, 5D кинотеатрын тамашалау, табиғат мұражайын көру, садақ ату және өзге де қызметтерді қамтыған туристік пакет ұсынады екен. Ал «Есіл» ӘКК» ҰК» басшысы Қазбек Ескендіров жи­ынға қатысушыларға Бура­байда ағаштан бір стильде қиып жасалған 30-ға тарта сауда павильондарының салынатындығын жеткізді. Мұндай механизм курорттық аймақтың сәнін ғана келтіріп қоймай, сауда-саттықты да жүйе­лей түсетіні көлде­нең тартылды. Бұл өз кезе­гінде туристерді сапалы өнім­дер­мен қамтамасыз етуге, кәсіпкерлердің сенімін артты­руға мүмкіндік береді.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Мәлік Мырзалин туристік инфрақұрылым ны­сандарының дайындығын қам­тамасыз етуді және турис­терді қабылдауды жолға қою керектігіне ерекше назар аудартты. Шомылу ба­рысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық әжет­ханаларды рет­ке келтіру, ақ­параттық анық­­тамаларды орналастыру сияқты жұ­­мыстарды ат­қаруға тапсырмалар берілді. Ре­­ті келгенде айта кету керек, ма­рал ша­руа­­шылығына жа­­қын жер­де ор­наласқан «Жай­лау» этноауылын­да қонақтарға арнап қазақ хал­қы­ның дәстүрін көрсететін бо­лады. Жазғы ке­зең­нің бас­талуымен ұлттық ойындарға қа­тысты әртүрлі шаралар ұйым­­­дас­ты­рылады деп кү­ті­луде. Со­ны­мен қа­тар атпен жә­не жаяу жүріп Бура­бай ауда­нын­дағы қасиетті орындарды аралату да жос­пар­ланған. Және бұдан басқа да көптеген іс-ша­ралар ке­лу­шілерді кеңінен тарту үшін жасалатынын айта кету керек.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы