Орталық жұмысының басталуын білдіретін лентаны салтанатты жағдайда қию үшін Қазақстан Республикасындағы Швеция Корольдігінің өкілі Матс Фойер (Mats Foyer) келді. Сонымен қатар жиынға Орталық Азия мемлекеттеріндегі, Украинадағы, Моңғолия мен Молдовадағы компанияның вице-президенті Катрин Алакбаров, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бас директоры Екатерина Мамедова, сату жөніндегі менеджері Анна Орищенко, сатуды қолдау және маркетинг жөніндегі менеджері Анифе Гафарова қатысты.
Концептуалды орталықтың таныстырылымынан кейін көпшілік қауым Public Talk аймағына барды, онда баспасөз конференциясы мен сұрақ-жауап сессиясы өтті. Қонақтар компанияның жетекші сарапшылары ұйымдастырған екі шеберлік сабағына қатысты. ТМД мемлекеттеріндегі Oriflame продакт-жаттықтырушы, бет терісінің күтімі бойынша сарапшы Анастасия Фурка бет терісінің тестілеу диджиталын әңгімелесе, Ресейдегі және ТМД-дағы ресми визажисі Алена Терещенко макияждағы сәндік тренд бойынша дәріс оқыды.
Басқосуларды танымал жүргізуші және модель Екатерина Краснова жүргізді.
50 жылдан астам тарихы бар сұлулық компаниясының косметикалық өнімдері табиғи заттардан және ең үздік ғылым нәтижелерден тұрады. Марка 1967 жылы құрылды және бүгінде әлемнің 60-тан астам мемлекеттегі шамамен 3 миллионға жуық кеңесшімен ынтымақтаса жұмыс істейді, ал жылдық айналымы шамамен 1,4 млрд еуроны құрайды. Брендтің Швециядағы, Ресейдегі, Польшадағы, Қытайдағы және Үндістандағы жеке фабрикаларымен қатар ғылыми-зерттеу орталығы бар, онда 100-ден астам ғалым зерттеу жұмыстарымен айналысады.