Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

Петропавлда омарташы мамандар оқытыла бастады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжінде омарташы мамандары оқытыла бастады.

Петропавлда омарташы мамандар оқытыла бастады

Солтүстік Қазақстанда омарташылар даярлау қолға алындыОблыстық омарташылар қауымдастығының төрағасы Олег Гавриловтың айтуына қарағанда былтыр 300 тонна бал өнімі жиналыпты. Биыл бұл көрсеткішті 1 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр. Ара шаруашылығы Қызылжар, Мамлют, Шал ақын аудандарында жақсы дамыса, қалған аудандарда баяу.

Оның бір себебі ара өсірудің қыр-сырын жетік меңгерген кәсіби мамандардың тапшылығына келіп тіреледі. Енді осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Петропавл кәсіптік даярлау және қызмет көрсету оқу орны жақсы бастамаға қозғау салды Мұнда  23 солтүстікқазақстандық тегін оқуға қабылданып, омарташы мамандығын меңгеріп шығады. Солардың бірі– 62 жастағы Юрий Галамагин. Ол  теориялық білімін жетілдіру үшін "Пасека -Қызылжар" ЖШС-де өткізілетін тәжірибелік сабақтарға қатысып жүр. Арнайы сертификат алып шыққаннан кейін ара өсірумен айналыспақ.

Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжінің директоры Николай Соколов колледжді тәмамдаған түлектер "Бастау-бизнес" жобасына қатысып, жеңілдікті несиеге үміттене алатынын жеткізді. Биыл оңтүстік өңірлерден 900-ден астам ара ұясы әкелініпті. Әрқайсысында  70 мыңға дейін бал арасы орналасқан.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»