Өнер • 24 Мамыр, 2018

«Халықтық бейне» – Адинай

519 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылдың ақпан айында халықтық дауыс бе­ру арқылы ең үздік Баян Сұ­лу образын таңдау шарасы бас­талған-ды. «BAYAN SULU-2018» Халықтық бей­не – Халық таңдауы» бас­тамасының демеушісі қоста­найлық «Баян Сұлу» кон­дитерлік фабрикасы бола­тын. 

«Халықтық бейне» – Адинай

Жобаға қатысуға 18-35 жас аралығындағы қазақ­стандық қыз-келін­шек­тер ша­қырылған. Ұйымдас­тыру­шылардың дерегі бойын­ша, тиісті мерзім ішінде өтініш білдірушілер саны жиыр­ма мың­нан асып, іріктеу кезе­ңі­нен үш мың қатысушы өткен.

Ал 13 мамыр күні өт­кен онлайн-дауыс беру нәтижесіне орай республика бойынша ең көп дауыс жи­наған 5 қатысушының есімі анықталып, финалдық ке­зеңге жолдама алған еді. Олар­дың қатарында Адинай Рим­хаш (Астана), Жанар Сә­кенова (Атырау), Әйгерім Қа­лиева (Алматы), Мәдина Ле­песбай (Ақтау), Қорлан Мұ­рат (Алматы) бар.

Ақтық бәсеке 19 мамыр күні өткізілді. Финалға қаты­су­шыларды құрамына танымал тұлғалар мен еліміздің мә­дениет саласының өкілдері кірген қазылар алқасы ба­ғалап, жүзден жүйріктерді анық­тады. «Баян Сұлу» кон­дитерлік фабрикасының өкілі және ұйымдастыру ко­митетінің төрағасы Марлен Абылғазиновтың айтуынша, үздіктерді анықтау, әрине оңайға соққан жоқ. Финалға өткен бес жеңімпаздың әр­қайсысы жеңіске әбден ла­йықты. Әр арудың табиғаты да, таланты да ерекше екендігі анық.

Финал шартына сәйкес байқау талаптарын жақсы көрсеткіштермен орындап, қазылар алқасының көңілінен шыққан, биязылық пен әде­мілікті, инабаттылықты көр­сете білген 19 жастағы ас­та­­налық Адинай Римхаш рес­публикалық байқауда үз­дік шықты. Жеңімпаз ару­ға ав­токөлік сыйға тартылды. Сонымен бірге Адинай Рим­хаш жыл бойына «Баян Сұлу» кондитерлік маркасының рес­ми бейнесін ұсынатын бо­лады.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ