Б. Сағынтаев Катар Премьер-Министрінің орынбасары, қорғаныс істері министрі Х. Әл-Аттыйямен кездесу өткізді
262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Катар Премьер-Министрінің орынбасары, қорғаныс істері министрі Халид Мұхаммед әл-Аттыйямен кездесу өткізді.
Кездесу барысында экономиканың түрлі салаларында Катар мемлекетімен өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту және тереңдету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, KADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік халықаралық көрмесі аясында қорғаныс-өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған құралдар қаралды.
Биыл Қазақстан мен Катар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. 2005–2017 жылдар аралығында Катардан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жалпы түсімі $46,8 млн құрады. 2017 жылы Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың түсімі $2,7 млн құрады.
KADEX-2018 көрмесінде отандық және шетелдік өндірушілердің (әлемнің 28 елінен 318 компания) 144 дана қару-жарақ және әскери техникалары, олардың ішінде авиациялық техника — 20 бірлік (6 тікұшақ, 10 ұшақ, 2 ПҰА), 124 — құрлық техникасы ұсынылды. Көрмені 48 елдің ресми делегациялары аралайды.