Аймақтар • 25 Мамыр, 2018

Ақмола облысында егіншілік поли­го­ны жұмыс істей бас­тады

1489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында А.И.Бараев атын­дағы астық шаруашылығы ғылыми-өнді­рістік орталығында егіншілік поли­го­ны жұмыс істей бас­тады. Бұл тура­лы Орталық коммуникациялар қыз­ме­тінде өткен брифинг барысында ғы­лыми-өндірістік орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев мәлімдеді.

Ақмола облысында егіншілік поли­го­ны жұмыс істей бас­тады

Бұл ауқымды жоба Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары мен алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық кәсіп­орындары және облыс әкімдігі өкіл­дері енген ғылыми-өндірістік кеңестің бір­лесе атқарған жұмысы нәтижесінде жүзеге асып отыр. Жоба мақсаты – агроценозды басқару мен мониторинг негізінде егін­шіліктің нақты технологияларын бейімдеу және трансферт жасау. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырып, шығындарды азайту. 

Егіншілік полигонының аумағы 3 мың гектарды алып жатыр. Жаңа технологияны қолданудың нәтижесінде егін егу мен астықты жинаудың оңтайлы уақытын болжаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқышты себудің, зиянкестер мен арамшөпке қарсы күресудің интеллектуалды жүйелерін пайдалана отырып еңбек өнімділігін бірнеше есеге дейін арттыруға болады екен. Ал жүргізушісі жоқ техника адами факторды азайтып, астықтың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік бермек. Брифинг барысында К.Абдуллаев жобаны жүзеге асыру астық өнімділігін гектарына 25 центнерге, ал еңбек өнімділігін 2-2,5 есе арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. 

Венера ТҮГЕЛБАЙ,
«Егемен Қазақстан»