Синоптиктердің хабарлауынша, Астанада 26 мамыр күні күндіз және 27 мамырда тәулік бойы ара-тұра күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа секундына 15-20 метр жел соғады, 26-27 мамыр күндері күндіз жел секундына 25 метрге үдейді.
Сондай-ақ, Ақмола облысында демалыс күндері түнде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа секундына 15-20 метр жел соғады, ал күндіз көп жерлерде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді. Тіпті секундына 23-28 метрге жетуі ықтимал. Ара-тұра күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 27 мамырда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде қатты нөсер жауын жауады.