27 мамырда Ақмола облысының бірқатар аймақтарында қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде. Түнде және таң ата бірқатар аймақтарға тұман түседі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23-28 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түнде ауа температурасы 0-5 градус жылы, кей жерлерде 3 градус аяз, күндіз 6-11, кей жерлерде 14 градус жылы. Астанада 27 мамырда таң ата және күндіз қар, жауын жауады деп күтілуде. Сондай-ақ жел күшейіп, бұршақ жауады. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады, екпіні 25 метрге жетеді. Ауа температурасы 3-5 градус жылы, күндіз 6-8 градус нөлден жоғары. 27 мамырда Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 20-25 градус жел соғады, екпіні 30 метр болады. Найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы ықтимал.