Аймақтар • 27 Мамыр, 2018

«Арландар» WSB финалына шықты

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс сериясында сынға түсетін еліміздің «Астана арландары» командасы жобаның жартылай финалында британиялық «Бритиш Лайнхартс» командасымен жекпе-жек өткізіп, финалға жолдама алды.

«Арландар» WSB финалына шықты

Сырт алаңда өткен алғашқы кездесуде «Арландар» 3:2 есебімен басым түскен еді. Атырауда өткен қарымта жекпе-жекте  4:1 жеңіске жетті. «Астана арландары» сапынан Серік Теміржанов (60 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Бек Нұрмағамбет (81 кг) және аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев жеңіске жетті. Тек 52 килода жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов қарсыласы Уилл Коулидан жеңіліп қалды.

Екі кездесу қорытындысы бойынша жерлестеріміз 7:3 есебімен жеңіске жетіп, төртінші рет жобаның финалына жолдама алды. Енді «Астана арландары» финалда францияның «Франс Файтинг Рустерс» командасын жеңген кубалық «Куба Домадорес» клубымен кездеседі. Екі ұжым осымен үшін рет финалда жолыққалы отыр. Бұған дейінгі екі кездесуде отандастарымыздың жеңісімен аяқталған-ды.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»