Елдос Сметов Гран-при жарысында топ жарды

Дзюдо спортынан Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындарына лицензиялық іріктеу кезеңі басталды. Олимпиадаға ұпай беруші алғашқы турнир Қытайдың Хоххот қаласында өткен әлемдік Гран-при кезеңі болды. Дүбірлі додаға әлемнің 49 елінен 385 дзюдошы қатысқан. Байрақты бәсекеде ел намысын 13 дзюдошымыз қорғады.

Егемен Қазақстан
28.05.2018 2574

Жарыстың шымылдық ашар күні дзюдошыларымыз үшін сәтті басталғанымен, бәсекенің қалған күндері отандастарымыз тұғыр биігіне көтеріле алмады. Доданың алғашқы күні Ұлттық құрама сапынан татамиге шыққан төрт балуанымыз үш медаль олжалады. 60 килода белдескен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, екеуі финалда жолықты. 
Елдос Сметов жарыс жолындағы алғаш­қы белдесуін жапониялық Юма Оши­маны қосымша уақытта (голден скор) вазари ұпайы­мен, екінші айналымда ресейлік Роберт Мшвидобадзені уақытынан бұрын таза жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Бразилия дзюдо­шы­сы Пелим Фелипені иппон ұпайымен ұтып, финалға шықты.

Ал Ғұсман Қырғызбаев финалға дейін жеңіліссіз үш кездесу өткізді. Алғашқы бел­де­суінде солтүстіккореялық Пае Донг Жон­гпен кездесіп иппонмен жеңсе, екінші бел­десуінде әлем және Азия чемпионы моңғолиялық Ганбад Болдбаатардан басым түсті. Жартылай финалда тағы бір моң­ғолиялық балуан Амартувшин Даш­да­ва­аны уақытынан бұрын иппон ұпайы­мен қапы қалдырып, шешуші кезеңге жолдама алған-ды.

Екі қазақ оғланы кездескен финалдық сайыста Елдос Сметовтің бағы жанып, Гран-при жеңімпазы атанды. Ғұсман Қырғызбаев болса күміс медальды қанжығалады. Ал 66 кило салмақта жарыс жолына шыққан Елдос Жұмақанов ел қоржынына қола медаль салды. Ол бес кездесу өткізіп, тек біреуінде, жартылай финалдық жолдама үшін күресте германиялық Себастян Сейдлге есе жібер­ді. Ал жұбаныш финалын­да Абдулла Абду­жа­лиловты вазари ұпайымен жеңіп, қола жүлдені жеңіп алды. 66 килода белдескен тағы бір балуанымыз Ерлан Серікжанов жартылай финалда Рио Олим­пиадасының күміс жүлдегері моңғо­лия­лық Ан Ба Улдан жеңіліп қалды.

Гран-при жарысының үшінші күнінде татами төріне Қазақстан құрамасынан Бекәділ Шаймерденов (73 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг) және Азиз Қалқаманұлы (81 кг) көтерілді. Бұл дзюдошылар арасынан Жансай Смағұлов қана жұбаныш белдесуіне дейін жетті. Медальға жолдама берер сында Смағұлов ресейлік балуаннан айласын асыра алмады. Ал қалған балуандарымыз екінші белдесуден әрі асқан жоқ. 
Соңғы жарыс күнінде 90, 100 және +100 кило салмақтағы балуандарымыз жүлде үшін белдесіп көрді. Жыл басында Тунисте өткен Гран-при жарысында топ жарған Ислам Бозбаев (90 кг) бұл жолы екінші айналымда жеңілді. Бірінші айналымда Иран балуанын жеңгенімен, екінші айналымда түрікменстандық балуанға есе жіберді. Сонымен қатар 100 килода сынға түскен Виктор Демьяненко да екінші айналымнан аса алмады. 
+100 кило салмақта белдескен Санжар Жабборов пен Ерасыл Қажыбаев бірінші ай­на­лымнан сүрінбей өткенімен, екінші ке­зеңде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Жаб­боров корей балуанынан жеңілсе, Кажы­баев Иран балуанынан ұтылды.

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есеп бойынша 49 елдің ішінде бір алтын, бір күміс және бір қола медаль еншіледі. Медаль саны бойынша бес алтын олжалаған Жапония құрамасының балуандары көш бастады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу