10 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1424

183 рет көрсетілді

2011 жылғы 1 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:

4.3. «Міндеттері» деген бөлімде:

«Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» деген кіші бөлімде:

өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттарында:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды салуға және қайта жаңартуға, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды салуға және қайта жаңартуға, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыру, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.»;

«Төртінші бағыт: Кәсіпкердің әлеуетін күшейту» деген кіші бөлімде:

«Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңін іске асыру тетігінде:

сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2011 жылы Бағдарламаланың жобаларын және Өңірлерді индустрияландыру картасын іске асыру үшін:

еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және қайта даярлау;

шағын және орта бизнес үшін кадрлардың біліктілігін арттыру;

жастар практикасын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар көзделген.»

2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнесбастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ережесінде:

«Кәсіпкерлерді өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау» деген 8-бөлімде:

61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«61. Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды салуға және қайта жаңартуға, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды салуға және қайта жаңартуға, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыру, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.»;

3) «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 783 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Әйтекенов Қайрат Медібайұлы – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы

Қазанбаев Ержан Қалдыбайұлы – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, хатшы

Мырзахметов Абылай Исабекұлы   – «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша);

көрсетілген құрамнан Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Азат Тұрлыбекұлы Перуашев, Бауыржан Қадырұлы Тортаев шығарылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Соңғы жаңалықтар

Сөз сойыл

Қоғам • Бүгін, 09:12

Жас қобызшылар бақ сынады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:05

JaiyqFilmFest фестивалі өтуде

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:05

Ардагерлер аруағына құрмет

Аймақтар • Бүгін, 09:03

whatsapp-тағы бассыздық

Аймақтар • Бүгін, 08:54

ІТ лицей-интернаты ашылды

Президент • Бүгін, 08:32

Халыққа арналған басымдықтар көп

Президент • Бүгін, 08:30

Құрылыс нарығындағы ахуал қандай?

Экономика • Бүгін, 00:35

Жалғыздық бояуы

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар