Темір жол тасымалына жолаушылардың көңілі толмайды

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамытуды маңызды басымдықтардың бірі ретінде айқындаған болатын.  

Егемен Қазақстан
28.05.2018 2805
2

Қазақстандықтардың басым бөлігі қазір темір жол тасымалы қызметін пай­даланады. Жуырда өңірлерде бол­ғанымызда жолаушылардың темір ­жол қызметіне көңілдері толмайтынын білдік. Атап айтсақ, Жезқазған сияқты кейбір елді мекендердің өзінде вокзалдарда жолаушыларға қолайлы жағдайлар жасалмаған: іші салқын, қонақүйі жоқ, кішкентай балалары бар аналар мен мүгедектер үшін арнаулы бөлмелер қарастырылмаған, жылы су жоқ. Көптеген темір жол стансаларында жолаушыларды вагондарға отырғызу мен түсіру қолайлылығы мен қауіпсіздігі сақталмаған, перрондар жоқ, сондықтан адамдар, әсіресе қарттар мен мүмкіндігі шектеулі кісілер биік тамбурларға әрең мінеді. Ал жолаушыларды вагонға отырғызу уақыты аз, 2-5 минутпен ғана шектелген. Сол себепті жұрт пойыздан түсіп-мінуге үлгермей жатады. Пандустар орнатуға көңіл бөлінбейді, стансаларда мүгедектер қоларбаларының кассаға өту жолдары және вагондарға арнайы кірме жолдары қамтамасыз етілмеген. 

Мәселен, Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы Сарыбел, Ақ­тасты, Шоқай, Вольск (Сарыөзек) және Русская Ивановка сияқты бес стансада және Арал теңізі, Абай сияқты халық көп мінетін стансаларда осындай кемшіліктер көзге ұрып тұр.

Сонымен қатар пойыздардың жү­ріп-тұру кестесі мен маршруттары да халыққа қолайсыз. Мәселен, «Қа­ра­ғанды – Қаражал – Қарағанды» бағы­тында қатынайтын жолаушылар пойызы 360 километр қашықтықтағы Қара­жал кентіне 11 сағат 12 минут жүріп жетеді екен. Орташа жылдамдық саға­тына 32 километр шамасында. Жолау­шылардың титығына тиетін мұндай «өгіз аяңның» себебі аталған пойыздың Жаңаарқа стансасында 3 сағат 29 минут аялдайтындығында болып шықты. Ал қайтарда тіпті асықпай, Жаңаарқада 4 сағат 24 минут кідіріп, Қаражалдан Қарағандыға 11 сағат 41 минутта әрең жететін болып шықты. 

 Осыған ұқсас жағдай «Балқаш – Жезқазған – Балқаш» бағытында қатынайтын пойызда да орын алған. Қауіптілігі жоғары аймақ болып саналатын темір жол стансаларында жолаушылар қажетті санитарлық жағдайлар жасалмағандықтан, сыртқа шығып, темір жолдың үстімен жүріп, өз өмірлеріне қатер төндіруге мәжбүр. Күнара қатынайтын «Қызылорда – Жезқазған» бағытындағы пойыз да жолаушылардың орынды реніштерін туғызып отыр. Өйт­кені осы бағыттың стансаларында тұ­ратын халық Астанаға жету үшін Жез­қазған қаласының вокзалында 4 сағат аялдайды, ал кері қайтарда 14 сағаттай аялдауларына тура келеді. Осындай қиындық көріп жүрген жолаушылар «Қызылорда – Жезқазған» пойызының бағытын Астанаға дейін ұзартуды сұ­рай­ды.

Осы айтылғандарды ескеріп біз Ин­­ве­с­тициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке депутаттық сауал­мен төмен­дегі ұсыныстарды жасадық: 

1.Барлық пойыздардың жолаушылар вагондарының техникалық жай-күйін бағалап, оларды жаңарту мәселесін қа­растыру; 

2.Барлық темір жол стансаларының жағдайын тексеріп, жолаушыларға мүмкіндігінше жағдай жасауды қолға алу; 

3.«Қарағанды – Қаражал – Қара­ғанды» және «Балқаш – Жезқазған – Бал­қаш» бағыттарындағы жолаушылар по­йыздарының жол жүру уақытын қысқар­ту шараларын қабылдау; 

4.«Қызылорда – Жезқазған» пойызы қа­тынасын қолайлы етіп ұйымдастыру және оны Астана қаласына дейін ұзарту мә­селелерін қарастыру.

Майра АЙСИНА, 
Мәжіліс депутаты 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

18.10.2018

«Хабар 24»: «Egemen Qazaqstan»-ға шолу

18.10.2018

Венгрияға баратын балуандар белгілі

18.10.2018

Қыздар университеті туған жерге тағзым етіп қайтты

18.10.2018

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

18.10.2018

Илья Теренченко «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

18.10.2018

Д. Кәлетаев Қостанайдағы үкіметтік емес ұйымдар республикаға үлгі екенін айтты

18.10.2018

Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

18.10.2018

Қызылордада Жолдаудағы тапсырмалардың мәні түсіндірілді

18.10.2018

79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

18.10.2018

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

18.10.2018

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

18.10.2018

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу