Өнер • 28 Мамыр, 2018

«Бозторғай» байқауы Халықаралық фестивальдер мен конкурстары дүниежүзілік Федерациясына енді

155 реткөрсетілді

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

Әрбір лауреаттың немесе дипломант тағдыры бақыланып отырады, «Бозторғай» конкурсының Халықаралық фестивальдер мен конкурстар дүниежүзілік Федерация қатарына енгендігі арқасында Қазақстанның дарынды балалары Халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысу ерекше мүмкіндігін алады, – дейді «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық байқауының директоры Қарлығаш Әбдікәрімова.

Бұл табысқа «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық байқауы оңай жете салған жоқ. Талантты  балаларымыз АҚШ, Болгария, Латвия, Литва, Эстония, Ресей, Белоруссия, Түркменстан, Тәджікстан, Германия, Корея, Польша, Түркия, Италия, Португалия, Чехия, Франция, Испания сынды мемлекеттерде жеңіп алған Гран-при және жүлделі орындарымен жетті.

«Бозторғай» байқауы өткізілген жылдарда дарынды балаларды анықтау және дамыту бағытында көп жұмыс жасалды. Атқарылған шаралар бір кезеңдік емес екендігін айта кету қажет.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».  

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Бүгін, 10:33

Сипаты бөлек «сыпайылық»

Руханият • Бүгін, 10:07

«Құныскерей» – құнды еңбек

Руханият • Бүгін, 09:53

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Ұқсас жаңалықтар