Қазақстан • 29 Мамыр, 2018

Алматыда цифрлы журналистиканың мүмкіндіктері талқыланды

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Q trend» жобасы аясында латын әліпбиіне көшудің барысына арналған «Журналистика және цифрлы Қазақстан» форумы болып өтті.

Алматыда цифрлы журналистиканың мүмкіндіктері талқыланды

Форумның ұйымдастырушылары Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және Алма­ты қаласы этномәдени бірлес­тіктер жанындағы жастар қанаты болып табылады.

Форумда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғару» бағдар­ламалық мақаласы аясында цифр­лы журналистиканың мүмкін­дік­тері талқыланды. Форумды аш­қан Қазақ­стан ұйғыр жастар ода­ғы­ның төр­ағасы, ҚХА мүшесі Р.А.Кайрыев жаңа технологиялар кезеңі­нің мүм­кіндіктері тұрғысында бір­қа­тар мы­сал­­дарды ортаға салды. Алма­ты қаласы ҚХА төрағасының орын­­басары К.Мамсуров еліміздің цифр­лы жүйеге көшудегі жобаларында жас­тарға үлкен жауапкершілік жүкте­ле­тінін айта келе, алдыңғы буын жаңа технологиялардың жетістіктерін жастардан үйренеді деген пікірін білдірді.

Ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналис­тика және қоғамдық медиа кафедра­сының меңгерушісі, профессор Н.Шыңғысова журналистиканың қоғамды сауықтырудағы, еліміздің беделін көтерудегі рөлінің жоғары екен­дігін бүгінгі таңда қауіпті маман­дықтар қатарына енгендігін айта келе ақпараттық қауіпсіздік, журналистің құқығы, цифрлы форматқа көшудегі жаңа мүмкіндіктер туралы ойын ортаға салды.

Ал Достық үйінің директоры Ж.Шаймұханбетова ҚХА жастар белсенділігі турасында сөз қозғап, «Жарасым жолы» жастар қозға­лысы­ның жұмысына тоқталып, цифрлы жүйеге көшудегі жастардың бастамаларына сәт-сапар тіледі.

Алматы қаласы бойынша «Жаң­ғыру жолы» жастар қозғалысы­ның төр­ағасы, саясаткер И.Кураев «Мемле­кетті цифрландыру: мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында баяндама жасап, қазақстандық жастар жаңа заманның үйлестірушісі деп атап көрсетті. Яғни цифрлы жүйеге көшуде еліміздің алыс аймақтары мен орталықтарын байланыстырудағы негізгі көпір болып табылатын жастар қауымы жылдам, зерек, қағілездік басымдықтарына ие болу арқылы елі­міздің осы бағыттағы үдерістерінің белсенді қатысушылары болып табылатындығын жеткізді.

ҚКХП ұйымдастыру партия секторының меңгерушісі А.Әуелбеков «Қаза­қ­стан Республикасындағы цифр­лы технологиялардың дамуы» тақы­ры­бындағы баяндамасында электрон­ды үкіметтің мүмкіндіктері, цифр­лы жүйедегі жаңашылдықтар туралы деректер келтірді.

Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ж.Мұрынова «Жаңғыру жолы», «Жарасым» жастар қозғалысының кез келген жобаларына қолдау білдіре­тін­дігін айтып, жастардың жауапкер­шілігі жоғары деп атап көрсетті.

Форум аясында Р.Кайрыев жас жур­налистерге арналған «Zharasym magazine» жаңа электрон­ды жур­налды таныстырды. Ұйымдас­тыру­шылардың пікірінше, жаңа журналдың мүмкіндіктері зор. Қазақ тілін меңгеруде де, латын қарпін игеруде де дәнекер басылым болып табылады.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ