Әлем • 30 Мамыр, 2018

Киевте ресейлік журналисті атып кетті

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы атып кетті. Бұл турасында Украинаның ІІМ алқа мүшесі, жоғарғы Рада депутаты Антон Геращенко өзінің фейсбук парақшасында хабарлады. Оның мәлімдеуінше журналисті пәтерінің алдында атып кеткен. Жаралы журналист жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.

Киевте ресейлік журналисті атып кетті

Украина Ішкі істер министрлігі бұл факт бойынша «қасақана кісі өлтіру» бабымен іс қозғап, қастандық жасады деген күдіктінің ықтимал суретін жариялады.

Аркадий Бабченконың өліміне қатысты Ресей Тергеу комитеті де қылмыстық іс қозғады. «Тергеу комитеті Ресей азаматына қатыгездікпен жасалған қылмысты назардан тыс қалдырмақ емес», - делінген комитет мәлімдемесінде.

Бірер күн бұрын Бабченко интернетте өзіне «президенттің әлдебір сенімді адамы» сес көрсеткені туралы жазып, кейін ол жазбасын өшіріп тастаған. Жазбаның сілтемесі Twitter-де сақталып қалған.

Журналист соңғы уақытта Қырым татарларының ATR телеарнасында тележүргізуші болып жұмыс істеген.