Әлемдік дипломатия мен халықаралық қатынастардың бүгінгі болмыс-бітімі

Әлемнің ең әйгілі ақпарат құрал­да­ры­ның бірегейі және олардың ішіндегі абырой-атағы өзгелерден оқ бойы озық тұр­ған «Financial Times» газетінде жа­рық көрген әлем ғұламаларының бірегейі Генри Киссинджер жайлы мына бір сындарлы пікірмен ке­ліс­пеу мүмкін емес: «Кейінгі 50 жыл ішінде сыртқы саясатқа сон­ша­лықты ықпал еткен Генри Кис­син­­джерге ешкім тең келмейді».

Егемен Қазақстан
31.05.2018 4878

Айт­са айтқандай-ақ, АҚШ-тың айтулы мем­лекет қайраткері туралы олай деу­ге толық негіз бар. Мәселен, Ген­ри Киссинджер – бұрынғы АҚШ пре­зиденттері Ричард Никсон мен Джеральд Фордтың ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі болумен қатар, сыртқы саясат жөнінде АҚШ-тың өзге президенттеріне де тағылымды ақыл-кеңес берген абыз тұлға.

Сонымен қатар Генри Кис­син­­­джер – әлемдік геосаясат жә­не дип­ломатия мен халықаралық қа­ты­­­настарға бағышталған көптеген ір­гелі туындылардың, оның ішінде күл­лі әлемге әйгілі «Diplomacy» («Дип­ло­матия»), «World Order» («Әлемдік тәр­тіп»), «On China» («Қытай туралы»), «Does America need a foreign Policy» («Америкаға сыртқы саясат қажет пе?») секілді терең сараптамалық мо­­но­графиялардың авторы. Терең ғы­­лыми еңбектері мен жаһандық дә­ре­­­жедегі қажырлы саясаткерлігі жә­не тең­десі жоқ қайраткерлігі үшін абыз ға­лым 1973 жылы Нобель сый­лы­ғы­мен марапатталған-ды.

Дәл осы арада жоғарыдағыларды қуаттай түсетін тағы да бір дәйекті мы­сал келтірейік. Генри Киссин­джер­дің «Дипломатия» атты көлемді туын­дысының «Жаңа әлемдік тәр­тіп» деп аталатын тарауында Еуропа мем­лекеттері мен АҚШ-тың жаһан­дық рөлі туралы бүгінгі таңда да өз мәнін жоғалта қоймаған мына бір тұшымды пікірді ортаға тастайды: «Әрбір жүзжылдықта кәдімгі бір Жа­рат­­қанның бұлжымайтын өз заңына сәй­кес, халықаралық қа­рым-қатынастар жүйесін өзінің деге­ніне бағындыратын тегеурінді де жі­герлі, интеллектуалдық әрі мо­раль­­дық басымдықтарға ие мемлекет пайда болатын сыңайлы», дей келіп, бұл пайымын қисынды да дә­лел­ді дәйектермен негіздей түседі.

Мы­салы, XVII ғасырда кардинал Рише­лье билеген Франция сол кездегі ха­лық­аралық қатынастар мәселесіне қа­тыс­ты ұлттық мемлекеттердің қа­ғи­даларына негізделген және тек солар­д­ың түпкі мүдделерін ғана күйт­тейтін жаңа бастама ұсынғанын алға тартады. Ал XVIII ғасырда Ұлыб­ритания келесі 200 жыл бойы Еу­ропа дипломатиясына үстемдік еткен алпауыттардың тепе-теңдігін сақтауға бағытталған жаңа концепцияны алға тартқанын, сондай-ақ XIX ғасырда Маттерниха Аустриясы «еуропалық қоғамдастықты» қайта құрса, Бисмарк Германиясы ол жүйені таратып, Еуропа дипломатиясын тек күшке иек артатын саясаттың салқынқанды ойыншығына айналдырып жібергенін және XX ғасырда ха­лықаралық қатынастарға АҚШ се­кіл­­ді соншалықты батыл әрі әлемге ора­сан зор ықпал еткен бірде-бір мем­ле­­кет болмағанын көлденең тарта­ды.

Өйт­кені өзге мемлекеттердің ішкі істе­ріне араласуға мүлде болмай­тынын дәріптеген де, же­ке­меншік мүлікке қол сұғуға үзілді-кесіл­ді қарсы шыққан да әрі осы әм­бебап құндылықты соншалықты белсене қорғаған және тарихи даму барысында өзінің дипломатиялық әре­кеттерін төл идеологиясымен астас­тырып, моральдық ұстанымдарын сон­шалықты прагматикалық табан­ды­лықпен қорғап қалуға тырысқан жә­не сыртқы істер мәселесіне белсене араласып, тіпті кейбір одақтарға да қосылып, өзіне ауқымдылығы жағынан еш теңдесі жоқ зор міндет әрі жауапкершілік артқан шақта сон­шалықты ұстамдылық танытқан АҚШ секілді бірде-бір мемлекет бол­ма­ғанын тайға таңба басқандай си­пат­тайды. Өз ойын түйіндей келе, сұң­ғы­ла ғалым, сонымен қатар тарихи тұр­ғыдан сыртқы саясат мәселесінде тек Америкаға ғана тән әрі бір-бі­рі­не қарама-қайшы келетін екі ұс­та­­нымның туындағанын оқырман қау­ымнан жасырмайды.

Біріншіден, Америка өзінің ішкі демократиялық үрдістерін өрістетіп, өз құндылықтарын шебер тиянақтап алғандықтан, жер шарының өзге бөлігіне маяк секілді үлгі болғанын, екін­шіден, әлгі құндылықтар енді­гі жерде Американың өзіне де үлкен жау­апкершілік артып, сол құн­ды­лық­тар­ды бүкіләлемдік масштаб­та қа­лыптастыруға және іске асыруға мін­дет­тегенін көлденең тартады. Соны­мен қатар америкалық ой-сананың қақ бөлініп, патриархалдық өткен дәуір мен болашаққа бағытталған жасампаз идеяның арасында бір жағынан изоляционизмге басымдық берсе, екінші жағынан халықаралық мәселелерге белсенді араласып, тынымсыз күн ке­шу­де екенін еске салады.

Алайда Екінші дүниежүзілік соғыс аяқ­талғаннан кейін, әлем елдерінде бір-біріне тәуелділік басымдық мәнге ие бола бастаған кезде, жоғарыда атал­ған екі ұстанымның екеуі де де­мократия мен еркін саудаға және халықаралық құқыққа негізделген жөні түзу жаһандық тәртіп орнатуды көздей бастағанын алға тартты.

Дей тұрғанмен, өзге елдерде сенімсіздік туындап жатса да Вудро Вильсон, Франклин Рузвельт және Рональд Рейганның да, тіпті XX ға­сырдағы Американың өзге пре­зи­денттерінің идеализмге деген ұс­та­ным беріктігін әлсірете алма­ға­нын, ке­рісінше, идеализм та­ри­х­тың жү­рі­сін өзгерте алады деген аме­ри­ка­лық­тардың нық сені­мін бұ­рын­ғыдан бетер күшейтіп отыр­ға­нын еске салады.

Генри Кисссинджер және бір түйін­ді пікірін ортаға тастап, «Егер күллі әлем бейбітшілікті шын мәнінде қалай­тын болса, онда моральдық тұр­ғыдан Американың әлгі ұста­ным­дарын пайдаланып қалуға тырысқаны жөн», деген кеңес береді.

Г.Киссинджердің пайымдауынша, Американың халықаралық сая­сат­қа араласа бастауы, сенім деген ұғым­ның жеңіc олимпіне көтеріліп, тәжі­рибені өзіне бағындырып, бас ид­іргенін дәлелдеп бергендей болды. Өйткені 1917 жылы халық­ара­лық саяси аренаға шыққан сәттен бас­тап, Америка өз күші мен өз иде­ал­дарының әділетті екеніне сенгендігі соншама, XX ғасырдағы халықаралық келісімшарттар Америка құндылықтарының іске асқанын, атап айтқанда, ұлттар Лигасы мен Бриан-Келлог Пактісінен бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына дейін, қала берді Хельсинки саммитінің Қорытынды шешімі де нақты іске асқанын айғақтайды. Сосын, кеңестік коммунизмнің күйреуі америкалық иде­алдардың интеллектуалдық же­ңі­­сін айшықтап қана қоймай, Аме­ри­каның өзін де көкжиектен туын­дап келе жатқан жаңа әлеммен бет­пе-бет қойды. Алайда тарихи даму ба­ры­сында Американың өз бойын әлгі әлемнен аулақ салуға тырысып ке­­ле жатқанын сұңғыла саясаткер жа­сыр­майды.

Сонымен қатар Генри Киссинджер қалыптасып отырған халықаралық тәртіп­пен бірге әлемде ұлтшылдықтың қайта жандана бастағанын, тіпті, бүгінгі мемлекеттердің биік мораль қағидаларынан гөрі өз мүдделерін бұрынғыдан жиірек күйттеп, өзара ықпалдаса іс-әрекет етудің орнына бәсекеге жиірек жүгіне бастағанын, демек әзірше, болмыстың ескі үлгісі өзгерді немесе алдағы онжылдықтарда өзгере қояды деуге негіз әлі әлсіз деп түйіндей келе, құлағы қылтиып келе жатқан жаңа әлемдік тәртіптегі басты ұстанымның қалай өрбитініне дәл диагноз қояды. Америка енді жаңа әлемдік болмыстан іргесін аулақ сала да алмайды және ол әлемге өз билігін бұдан былай жаппай жүргізе де алмайды. Өйткені халықаралық аренаға алғаш шыққан кезде, Америка әрі жас, әрі өте қауһарлы, әрі өте тегеурінді болатын. Сондықтан да халықаралық мә­селелер жөніндегі өз көзқарасымен са­насуға күллі әлемді мәжбүрлей ала­тын.

Сосын, 1945 жылы Екінші дү­ниежүзілік соғыстың аяқталар ке­зін­де соншама алпауыт күшке ие бол­ған Америка Құрама Штаттары (ол кезде жер бетіндегі жалпы тауар өні­мінің 35%-ға жуығы соларға ти­е­сі­­лі болатын) күллі әлемді қайта құру тек Американың ғана маңдайына жа­зыл­­ған бақ деп сезінетін. Ал бүгінгі таңда қалыптасып отырған жаһандық бол­мыс ендігі жерде Американың о бас­та өзіне алған міндеттерін толық іс­ке асыруға мүмкіндік бермейді, демек, Американың олай етуге тырыс­па­ғанын ғұлама саясаткер жөн деп санайды.

Бұл орайда Генри Киссинджер пре­зидент Джон Ф. Кеннедидің 1961 жылы аса асқақтықпен жария еткен: «Америка егемендік идеалдарын толық қамтамасыз ету жолында әрі кез келген ауыртпашылықты жеңу үшін қандай да құн төлеуге дайын» деген пайымын көлденең тарта отырып бы­лай дейді: «Одан бері 30 жыл өтті. Бүгінгі Америка Құрама Штаттары әлгі арман-міндеттерін бірден әрі тү­гелдей іске асыруға бұрынғыдай та­л­­пына қоймайды, өйткені ұлы дер­жа­валардың қатарына өзге елдер де жа­қындап қалды. Мұндай сынаққа тап келгендіктен, АҚШ-қа енді әлгі мақ­саттарды кезең-кезеңмен ғана орын­дауға тура келеді және солай бол­ғанның өзінде де әр кезең амери­калық құндылықтар мен геосаяси қажеттіліктің қосындысынан туындайтынын ұмытпаған жөн,» дейді.

Бүгінгі жаһандық халықаралық қа­­тынастар мен дипломатия бол­мы­сы­ның сипаты жөнінде Генри Кис­син­джер түйіндеген ой-түйіннің бір па­расы осындай және бұл салиқалы түйін­нің растығын ешкім де жоққа шы­ғара алмайды.

Жаһандық тәртіп, халықаралық қа­тынастар және әлемдік дипломатия ту­ралы сөз қозғағанда, Генри Киссин­джердің біз тілге тиек етіп отыр­ған «Дипломатия» секілді сындар­лы монографиясынан бөлек жоға­ры­да аталған «Америкаға сыртқы сая­сат қажет пе?», «Қытай туралы», сол сияқты күллі әлемге аты мәшһүр, сұңғыла саясаткер-ға­лым Збигнев Бзежинскийдің «Ұлы шахмат тақтасы» («The Grand Chessboard»), «Таңдау»(The Choice), «Екінші мүмкіндік» («Second Chance»), «Стратегиялық көз­қарас» («Strategic Vision»), сол сияқты Са­мю­эль Хантингтонның «Өр­ке­ни­еттер қақтығысы» («The Clash of Civilizations»), сондай-ақ XXІ ға­сыр­да күллі әлемді өзгерте бастаған интер­нет технологиялары мен жасыл энергияның революциялық рөлін айқара ашатын әлемдегі әлеуметтік ойшыл­дардың бірегейі Джереми Риф­кин­нің «Үшінші индустриялық рево­люция» (Jeremy Rifkin «The Third Industrial Revolution»), сонымен қатар Ресейдің ұлы дипломаты әрі 1962-1987 жылдар арасында АҚШ-тың 6 президенті тұсында Вашингтонда 26 жыл бойы елші болған А.Ф. Доб­ры­ниннің «Сугубо доверительно.По­сол в Вашингтоне при шести пре­зи­­дентах США (1962-1986)» сынды туындыларды рухани жаңғыруға бет түзе­ген еліміздің назарынан тыс қал­мағаны жөн, өйткені бұл аталған туын­дылардың барлығы да қазақ тіліне түпнұсқадан тікелей аударылса, әлемдік геосаясат, дипломатия, ха­лық­аралық қатынастар және жасам­паз жасыл технологиялар жөнінде тап­тыр­майтын оқулықтар болуға сұра­нып тұр.

Әділ АХМЕТОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Торғын Тасыбекова: Тұлғалар тәлімін көп көрдім

21.08.2018

Біржан сал еліндегі салтанат

21.08.2018

«Тараз» қонақүйі жатақханаға айналады

21.08.2018

Отандық онкогематология орталығы қалыптасты

21.08.2018

Балалар нейрохирургиясына басымдық берілуде

21.08.2018

Мүгедектердің мұңын кім тыңдар?!.

21.08.2018

Алматы: қала мен сана өзгерісі

21.08.2018

Жаңа заң – зайырлы елдің мүддесіне

21.08.2018

Өмір – әділ

21.08.2018

90 үй салып, туған ауылын түлеткен

21.08.2018

Қаратөбенің қайырымды тұрғындары

21.08.2018

Жанар-жағармай жыры: шаруалар неге наразы?

21.08.2018

ҚХА Кеңесі Құрбан айт мерекесімен құттықтайды

21.08.2018

Astana LRT салонына су кіріп кеткен автобусқа қатысты түсініктеме берді

21.08.2018

Елбасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Өмір – әділ

Біреулер өмірді қарғап-сілеп жатады. Оның әділетсіз екендігін айтады. Рас-ау дейсің кейде. Егер өмір әділ болса, неге адам баласы әртүрлі? Біреу – бай, біреу – кедей. Біреу – сұлу, біреу – көріксіз. Біреу – ауру, біреу – сау. Расында да өмір дегенің күн мен түн, ыстық пен суық секілді қа­рама-қайшылықтардың ортасы екен ғой.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу