Аймақтар • 31 Мамыр, 2018

Мақтааралдың қарбызы Ресейге экспортталуда

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мақтааралдың қарбызы Ресейге экспортталуда

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы диқандарының жұ­мыс қарқыны ерекше болып тұр. Ауданда 138 000 гектар егістік алқабы бол­са, соның 86 820 гектарына мақта ши­­ті, қалған 27 064 гектарға бақ­ша, 3997 гектарға көкөніс дақылдары егіл­ген.

Агротехникалық жұмыстарды талап­қа сай жүргізудің нәтижесінде өнім ой­да­­ғыдай шығып, тіпті ерте пісетін қар­быз жинала бастады. Мақтааралдық ша­руалар ерте пісетін қарбызды Ресейге экс­портқа жөнелтіп те үлгерді.

– Бағасы көңілге қонымды. Қарбыз­дың әр килосын дәнекер кәсіп­керлер 400 теңгеден сатып алып жатыр. Ди­қан­дардың еңбегі ақталуда, – дейді Мақ­таарал ауданының әкімі Жамантай Бей­сенбаев.

Асқар ОМАРХАНОВ

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Мақтаарал ауданы