Семак футболшы кезінде «Зенит» сапында 2010-2013 жылдары доп теуіп, 2010, 2011/12 жылдары Ресей чемпионатын және 2011 жылы Ресей Суперкубогын жеңіп алған. «Уфа» командасына бас жаттықтырушы болып барғанға дейін ол «Зениттің» жаттықтырушылар құрамында жұмыс істеп, Лучано Спаллетти және Андре Виллаш-Боаштың көмекшісі болған.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Уфа» сапында жүрген отандасымыз Еркебұлан Сейдахметтің Башқұртстан командасына келуіне дәл осы Сергей Семак түрткі болған еді.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»