Білім • 31 Мамыр, 2018

Алматыдағы оқушылар сарайының базасында IT-сыныптары ашылды

474 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Алматыдағы оқушылар сарайының базасында IT-сыныптары, биылғы жазғы каникулдан бастап компьютерге ыкыласы ерекше балаларға арнап  ашылды.

Алматыдағы оқушылар сарайының базасында IT-сыныптары ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  2017 жылдың қараша айында өткен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында нұротандықтардың алдына нақты міндеттер қойып, бірқатар басым бағыттарды анықтап берген болатын.

Осыған байланысты,  жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басқан «Нұр Отан»» партиясы  тың бастамаларды қолға алып, барлық бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламалар бар. Соның бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жас ұрпаққа компьютерлік  бағдарламалар негіздерін  оқытатын тегін IT сыныптарын ашу жобалары еді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осы белгіленген жұмыстарды шұғыл арада бастау туралы тапсырмалар жүктеді.

«Елімізде жаңа  биіктерге бастайтын мұндай жобаларды  Алматы қаласындағы жүйелі жұмыстар көңіл қуантады. Жуықта ғана 40 жылдық тарихы бар, жаңа заманға лайықталып, жан-жақты күрделі жөндеуден өткізілген Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында Білім орталығы ашылған болатын,- дейді қалалық филиалдыңтөрағасының орынбасары Қайыпмұнар Табеев мырза. - Онда жеке өзің немесе достарыңмен барып, рухани жан дүйнеңді, ой-өрісіңді дамытуға барлық жағдай жасалған, тегін Wi-Fi  желісі орнатылып, қажетті техникалармен жабдықталған. Мысалы, қалаған кітаптарыңның электронды нұсқаларын оқи алатын «Мобильді кітапхана» интерактивті оқу залы  жұмыс істейді. Сондай-ақ, келушілердің  кітап оқып қана қоймай, демалыстарын көңілді, жайлы өткізуіне де қолайлы коворкинг орталығы ұйымдастырылған. Бүгін міне, Оқушылар сарайында қалалық Білім басқармасы мен «Солюшин» ЖШС қолдауымен IT сынып ашылып отыр. Жыл аяғына дейін кәсіпкерлер қолдауымен осындай 8 класс ашылады.

IT сыныптың көмегі арқасында енді жас ұрпақ өкілдері цифрлы сауаттылығын артырып қана қоймай, кәсіби бағдарламашы-маман ретінде ахпараттық технологияның дамуына  өз үлестерін қосады деп үміттенеді.

 IT технологияны дамыту – жарқын болашақтың кепілі.Бұл бағыттағы жұмыстардың табысты  жүзеге асырылуы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жемісі екені сөзсіз.Сондықтан, партия осыған байланысты қолға алынған, халық үшін пайдасы зор іс-шаралардың барлығына тиісті қолдау көрсете беретін болады.

Сол күнгі IT сыныбының жетекшісі Андрей Дупиктің алғашқы сабағының соңында балалар ұстаздың түсіндіруімен құрастырылған алғашқы роботтарына таңырқай қарады.... Ертеңге ынтыққан бүлдіршіндер.   

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ