Аймақтар • 31 Мамыр, 2018

Солтүстік Қазақстанда халықаралық КТК ойыны өтті

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында өткен халықаралық көңілді тапқырлар клубы ойынына 12 команда қатысты.


Солтүстік Қазақстанда халықаралық КТК ойыны өтті

Көңілділер мен тапқырлар сахнаны қызықты әзіл-қалжыңға, ән мен биге  бөледі. «Биыл 12-ші рет ұйымдастырылған фестивальға аудандардан да командалар келді. Оларға Ресейдің, Астананың, Көкшенің әзілкештері қосылып, естен кетпес думанды кеш болды», дейді  Солтүстік Қазақстан КТК лигасының жетекшісі Евгений Пеньков.

Ресейдің Пермь қаласынан ат терлетіп келген "Столица" командасының мүшесі  Алексей Исаков үшінші жыл қатарынана қатысып келе жатқандарын жеткізді. Мықты бәсекелестіккке қарамастан жеңіс тұғырынан көрінуді серт еткен.

Өте тартысты өткен жарыс қорытындысында Мамлют ауданының  «Карусель» қыздар командасы бас жүлде – Солтүстік Қазақстан әкімінің кубогын ұтып алды. Бірінші орынды омбылық "АСАР",  екінші орынды пермьдік "Столица" командасы иеленді . Үздік үштікті жергілікті "7UP" командасы қорытындылады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы