Құжаттар 30 тамызға дейін қабылданады. Бұл қызметті ата-аналар e.astana.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы пайдалана алады.
Портал 24/7 режімінде жұмыс істейді. Өтінішті ресімдеу үшін e.astana.kz сайтына кіріп, қажетті ақпараттарды енгізіп, құжаттардың сканерленген нұсқасын салу керек. Қабылдау не қайтару туралы хабарлама 5 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке және телефон немесе поштаға келеді. Қызметті көрсетуден, тек құжаттар толық болмағанда немесе сканерленген құжаттардың нұсқасы нашар болғанда ғана бас тартылады. Электронды жүйеде ата-аналар мектепті орналасқан жеріне байланыссыз қалауы бойынша таңдай алады. Ата-аналар баланы мектепке қабылдаудың дәстүрлі тәсілін де пайдалана береді. Яғни құжаттарды қағаз түрінде мектепке тапсыра алады.