Қазақстан • 01 Маусым, 2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісінің брифингі өтті

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов БАҚ өкілдеріне арналған қазақстан-британ қатынастардың қазіргі ахуалы мен келешегі жөнінде брифинг өткізді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.  

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісінің брифингі өтті

Е.Ыдырысовтың айтуынша екі ел арасындағы қатынастар 2013 жылы стратегиялық әріптестік деңгейіне жетіп, жалпы 26 жыл бойы нығайып келе жатыр. Қос тарап экономикалық байланыстарды, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлуде.

Екіжақты сауда айналымы тұрақты өсіп келе жатыр – 2017 жылдың нәтижесінде бұл көрсеткіш өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,5%-ға өсіп, 1,28 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан аумағында британдық қатысумен 800-ден астам заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер тіркелген. Ең ірі британдық компаниялар беделді қазақстандық бизнес-ұйымдардың, соның ішінде Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлар кеңесінің құрамына кіреді. 

Ұлыбритания Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің ондығына кіреді жәнесонымен қатар еліміздің экономикасындағы ірі шетелдік инвесторлардың арасында алтыншы орынға ие. Соңғы 13 жылдың ішінде Ұлыбританиядан тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 12 миллиард АҚШ доллардан асып, осы кезеңде елімізге тартылған шетелдік инвестициялар жалпы көлемінің 5%-ын құрады. 

Біріккен Корольдіктің бизнес өкілдері арасында алдымыздағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылуы үлкен қызығушылық тудыруда. Орталық өзінің ресми жұмыс тілі ретінде ағылшын тілін пайдаланбақ, және оныңқызметі британдық құқық қағидаттарына негізделген болады. АХҚО-ның құрамына кіретін сот және арбитраждық органдарға халықаралық абыройға ие беделді британдық заңгерлер төрағалық етеді.

Жоғары технологиялар мен цифрлық экономика бағыттарында дамыған екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ қаржы, ауыл шаруашылық және көлік-логистика салаларындағы бірлескен жобалардың әлеуеті әлдеқайда жоғары.

Қазақстан Біріккен Корольдікпен стратегиялық әріптес ретінде жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздеуде.