Білім • 03 Маусым, 2018

Литва университеттері қазақстандықтар үшін 200-ден астам грант ұсынды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Литва университеттері қазақстандықтар үшін 200-ден астам грант ұсынды, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  сайты.

Литва университеттері қазақстандықтар үшін 200-ден астам грант ұсынды

Бүгінгі таңда қазақстандықтарды сапалы шетелдік біліммен қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық білім беру бағдарламаларының әкімшісі болып табылатын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ білім беру гранттарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Нәтижесінде биылғы жылы Қазақстан азаматтары үшін шет елдік оқу орындарымен 10 мыңнан астам грант бөлінді, оның ішінде Литва Республикасының (бұдан әрі - Литва) үлесі біршама», -делінген хабарламада.

200-ден астам толық және жартылай гранттар ұсынып отырған Литва университеттері Қазақстан азаматтарына тек ағылшын тілінде ғана емес, сонымен қатар орыс тілінде де оқытылатын бакалавриат және магистратура бағдарламаларына емтихансыз түсуге мүмкіндік береді. (Литваның жоғары оқу орындарына түсетін адамдар санына қарай гранттар саны артуы мүмкін).

Айта кететін жайт, грант ұтып алған студенттер арасында әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге ай сайын стипендия алуға мүмкіндік беріледі. Биылғы жылдың маусым айында Литваның жоғары оқу орындарының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының мектеп және университет түлектері арасында ақпараттық кездесулер өткізеді деп жоспарлануда, бұл кездесулер аясында үміткерлер Литва университеттеріне түсу үшін құжаттарды тапсыра алады.

Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарындағы үміткерлер өз құжаттарын Литваның жоғары оқу орындарының ресми сайттарына ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жолдай алатын болады. Литва университеттерінің өкілдерімен кездесулер 11 маусымда Шымкент қаласында, 12 маусымда Жетісай және Сарыағаш қалаларында, ал 13 маусымда Түркістан қаласында өткізіледі.