Бокс • 05 Маусым, 2018

«Хабар» арнасы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін көрсетеді

176 реткөрсетілді

6 маусым күні Лондон қаласындағы Йорк-холл орталығында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Боксердің қарсыласы әзірге белгісіз.

«Хабар» телеарнасы бұл кездесуді 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні сағат 00.30-да тікелей эфирден көрсетеді.

Қазіргі таңда Данияр Флоридадағы жаттығу алаңында өзінің жеке бапкері Джон-Дэвид Джексонның жетекшілігімен дайындалып жатыр. Сондай-ақ таяу уақытта Даниярдың жаттығу алаңына әкесі, жаттықтырушы Марат Елеусінов пен ағасы, орта салмақта өнер көрсететін, кәсіби боксер Дәурен Елеусінов те қосылады.

«Флоридада жаттығып, Джон-Дэвидтен сабақ алу керемет. Мен күн сайын жақсы кәсіби боксшы болуыма көмектесетін жаңа дүниелерді үйреніп жатырмын. 6 маусымдағы жекпе-жегімді асыға күтіп жүрмін» - деп ой бөлісіті Данияр Елеусінов.

«Әуесқой бокста ең бастысы – бал жинау, бірақ мен бұл кездесу барысында Даниярдың жинақы, қатал, қарсыласына соққыларын барынша дөп тигізуді ойлағанын қалаймын» – дейді Джон-Дэвид Джексон.

Данияр кездесуін жартылай ауыр салмақтағы WBA Continental және Британдық серіктестіктің чемпионы белбеуіне таласатын Лоуренс Околи мен Люк Уоткин арасындағы жекпе-жектің алдында өткізеді.  

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Cафлор көлемі артып келеді

Аймақтар • Бүгін, 15:30

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Бүгін, 12:08

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Бүгін, 09:48

Музей жаңа залдармен толықты

Руханият • Бүгін, 09:20

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар